ТҮРКІСТАН: «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

7 просмотров

ТҮРКІСТАН: «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Өткен жылы «Қасқасу» туристік — рекреациялық кешені» тау инфрақұрылымының жобасы Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген болатын.

Биыл «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы тау-кен инфрақұрылымының бірінші фазасын іске асыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нысанның техникалық-экономикалық негіздемесіне оң қорытынды алынған, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Мемлекет атынан операторы «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы болып табылатын жоба «KaskasuResort» ЖШС серіктес — бастамашысымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Іске асырылуы жылдарға созылып келе жатқан жоба жөнінде өткен жылы тамызда «Egemen Qazaqstan» газеті мәселе көтеріп, «Қасқасудың қадірі. Шетел компаниялары қызығып жүрген жоба қашан жүзеге асады?» (№148 (29627) тақырыбымен мақала жариялаған болатын. «Түркістан» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешені» аумағында тау инфрақұрылымы және коммерциялық аймақ құрылысы көзделген. Теңіз деңгейінен 1 750-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте шаңғы трассалары, арқанды және бөген жолдары, көтергіштер, қонақүйлер, мейрамханалар, аквапарк, Альпі ауылдары, ойын, спорт және жаттығу орталықтары орналасатын болады. Жалпы, Сайрам-Өгем МҰТП аумағында 360 га жерде орналасқан кешен аймақта тау-шаңғы туризмін, сондай-ақ қысқы спорт түрлерін дамытуға бағытталған.

Авторы: Ғалымжан Елшібай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *