ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ 618 АЗАМАТ ШАҒЫН НЕСИЕ МЕН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ 618 АЗАМАТ ШАҒЫН НЕСИЕ МЕН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

16 просмотров

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ 618 АЗАМАТ ШАҒЫН НЕСИЕ МЕН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

Соңғы жылдары Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны артып келеді. Бұл ретте кәсіп ашсам деушілерге 6 пайыздық несие мен қайтарымсыз берілетін қаржының көмегі орасан болып отыр. Айталық, былтырғы жылы ауданда 264 азамат «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» және «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы сомасы 876 млн. 325 мың теңге несие алып, кәсіп ашқан. Оның ішінде 19-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 69-ы жастар, қалғандары көпбалалы отбасылар саналады.
Мәселен, үшінші топтағы мүгедек Асылбек Айнабеков өз үйін кепілдікке қойып, былтырғы жылдың шілде айында 2 млн. 800 теңге несие алыпты. Оған 9 жылқы сатып алып, бүгінде қорасында күтіп-баптауда.
«Кез келген кәсіпті ашу үшін мол қаржы керек. Әйтпесе, ойыңдағы бизнес жоспарды жүзеге асыру қиын. Былтырғы жылы үйімді кепілдікке қойып, мол қаржыға 9 бас жылқы сатып алдым. Оның жартысы етті, жартысы сүтті бағытта бағылуда. Алдағы уақытта ауылдың шетінен жайылымы бар қора сатып алып, жылқы басын 20-ға жеткізсем деп отырмын», – дейді Ақылбек Айнабеков.
Бір жақсысы – алымшылар алған соманың 10 пайызын әр алты ай сайын төлеп отырады. Ал жылдық төлем үлесі 6 пайызды құрайды. Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Райхан Керімқұлованың айтуынша, былтыр 354 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Оның 341 азаматы 505 мың теңгеден, ал 13-і 252 мың теңгеден несие туралапты. Бұдан бөлек, былтыр Қазығұрт ауданында 4653 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, биылғы екі айда олардың саны 721 отбасыға жетіп отыр. Жалпы аудан бойынша көпбалалы 6300 отбасы тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *