ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

14 просмотров

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен Еуразиялық интеграция институты бірлесе отырып, «Ұлттық кеңестің аймақтық аспектілері. Мақсаты. Бағыты. Шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты — өңірлік контексте елді әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау, қоғамдық институттарды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Іс-шараға жергілікті мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің мүшелері (бұдан әрі — ҚСҰК), ғалымдар, журналистер мен блогерлер қатысты.

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Аталған іс-шараның модераторы ҚСҰК мүшесі, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров болды.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Даурен Сариев өз сөзінде өңірлерде сараптамалық талқылаулар өткізудің маңыздылығын атап өтті, өйткені барлық қазақстандық қоғамның реформаларды талқылауға қатысуынсыз, жергілікті халықтың пікірін және өңірлердің ерекшелігін ескермей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасын толық түсініп, сапалы жүзеге асыру мүмкін еместігін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық аспектілерде одан әрі жаңғырту мен трансформациялау үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасында табысты диалог қажет екенін атап өтті.
«Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті, ҚР Президенті жанындағы ҚСҰК мүшесі Мұрат Әбенов Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің жұмысы аясында әлі де көп жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Саяси жүйені жаңғыртуға ғана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуге де назар аудару қажет. Реформалар жүйелі түрде іске асырылуы тиістігін атап өтті.
ҰҚСК мүшесі Айгүл Орынбек қоғамды одан әрі демократияландыру және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасын ілгерілету қажеттігіне тоқталды.
Іс-шарада сонымен қатар Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – К. А. Төлебев; А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры – Ә. Е. Абуов және өзге де Түркістан облысының сарапшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *