ТҮРКІСТАН: ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

26 просмотров

ТҮРКІСТАН: ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Туризмнің маңызды саласының бөлігі болып саналатын қонақүй нарқының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейржан Мырзалиевтың қатысуымен өткен кәсіпкерлерге арналған отырыста айтылды. Жиында туристерді халықаралық стандарттарға сай жайғастырып, жоғары деңгейде қызмет көрсету сапасы кеңінен талқыланды.

«Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткен жиынға өңірдегі демалыс орындары мен қонақ үй құрылтайшылары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен аудан, қала әкімдіктерінің бөлім басшылары қатысты. Көне шаһарда қазір 40-қа жуық қонақ үй қызмет көрсетеді. Бөлменің бағасы-15-45 мың теңге аралығында. Наурыз мерекесі қарсаңында жылдағы үрдіс бойынша мыңдаған қонақ келеді деп күтілуде. Жиында сол қонақ күтетін орындардың күйі мен қызмет сапасы сынға ілікті.

Экономиканы дамытуда елеулі үлесі бар сала бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Демек, қонақжайлық танытып, мәдени түрде қызмет көрсету, тамақтану, жеке бастың қауіпсіздігі мен тазалығы, денсаулық сақтау саласы сияқты бірінші кезектегі қажеттеліктері толықтай қамтылған екі және үш жұлдызды қонақ үй шаруашылығын жетілдіру қажет, дейді сала мамандары. Осы мақсатта жастар жұмысқа тартылып, талап күшейтілетін болады.

«Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қонақ үй бизнесін дамытуға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Екі микроқаржы ұйымы мен «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңілдетілген бағамен несие берілуде. Соның аясында өздеріңіз білесіздер «Rixos» қонақ үйі салынып, шілде айында пайдалуға берілгелі отыр. Атауы әлемдік деңгейдегі брендке айналған кешеннің ашылуы саяхатшыларға қонақ үй бизнесінің қазіргі заманғы даму деңгейін көрсетеді. Сіздер де бәсекеге дайын болуларыңыз қажет»,-деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Отырыста облыстың әр аудандарынан келген кәсіпкерлер бизнесті дөңгелетуде орын алып жатқан көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Олар: несие алу, шипажай қызметін дамыту, тасымалдау қызметін реттестіру. Мәселелер алдағы уақытта терең зерттелмек. Облыс бойынша қазір 168 қонақ үй, 51 емдік-сауықтыру шипажайлары мен 60 демалыс үйлері қызмет көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *