
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Ендігі басты мақсат – Түркістан қаласын Орталық Aзиядағы аса маңызды мәдени, рухани-ғылыми және сауда-экономикалық орталық ретінде одан әрі абаттандыра беру болып табылады», – деп атап айтқан болатын. Осыны ескере келе облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов Түркістан қаласында да туризм саласын дамытудың іс-жоспарын қайта қарап, жаңа дамыту концепциясының іске асыру жұмыстарын жүргізуде.
Бұл ретте өңір туризмнің елімізде алатын орны бөлек. Облыс бойынша көне қалашықтар мен әулиелі жерлер, тарихи-мәдени орындары жеткілікті. Тарихи және киелі орындарға саяхаттауға Түркістан қаласында бұрынғы заман мәдениетінің көрінісі ретінде әлемге танылған әйгілі тас ескерткіштерін, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттық пен қолөнершілердің ордасы Отырар қаласын, көне Сайрамның ескерткіштерін, Қожа Ахмет Ясауи кесені мен Арыстанбаб кесенесін тамашалауға болады. Түркістан қаласындағы ірі әлеуметтік жобаларының басым көпшілігі туристік саланы дамытуына байланысты.