ТҮРКІСТАН ӘКІМДІГІ МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАРАБЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ТҮРКІСТАН ӘКІМДІГІ МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАРАБЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

43 просмотров

ТҮРКІСТАН ӘКІМДІГІ МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАРАБЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстанның рухани орталығы Түркістан мен бауырлас Өзбекстан Республикасы тарабы екіжақты меморандумға қол қойды. Қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Мерлан Керімжанов пен «Discover invest» компаниясының бас директорының орынбасары Мирсаид Мирвохидов қаланың құрылыс саласы бойынша біріге жұмыстар атқаруға уағдаласты.

ТҮРКІСТАН ӘКІМДІГІ МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАРАБЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ



Одан әрі Рашид Абатұлы келуші қонақтарды Қ. А. Ясауи кесенесі, Қабылдау орталығы, Аттракциондар саябағы, Керуен Сарай кешені және Индустриалды аймақпен таныстырды. Сондай-ақ, өңір бойынша алғашқы және жалғыз 2019 жылы қараша айында іске асқан жаңбырлатып суаратын егістік алқабына барды. Қаланың 18 жерінде орналасқан американдық технология жалпы 1000 га егіс алқабын суарып тұр. Әрқайсысы 500 метр ұзындықтағы жоба арқылы бидай, жүгері, арпа, жоңышқа сынды дәнді дақылдар жуық арада өнімін бермек.

«Қазақстанның рухани шаһарына келіп, құрылғанына енді жылдан асқан облыс орталығында іске асып жатқан жұмыстарды өз көзімізбен көргенімізге қуаныштымыз. Жылы қабылдап, қонақжайлылық танытқандарыңызға алғыс білдіреміз. Елдегі карантин аяқталған соң кәсіпкерлермен бизнес форум ұйымдастыруды ұсынамын. Бізді мұндағы инвестициялық және мемлекеттік жобалар қызықтыруда», — деген қонақтар ілтипатын білдіріп, жобалар жасауға ниетті екендіктерін білдірді.

Аймақ басшысы Ө. Естайұлы екі елде де форум ұйымдастыруға еш қарсылығы жоқ екенін айтып, шаһарда алда іске асатын коттедждік қалашық құрылысына атсалысуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *