Түркістан әкімі Праймеризге үміткерлердің пікірсайына қатысты

Түркістан әкімі Праймеризге үміткерлердің пікірсайына қатысты

32 просмотров

Түркістан әкімі Праймеризге үміткерлердің пікірсайына қатысты

«Ақжайық» музыкалық мектебінде болып жатырған Праймеризге үміткерлердің пікірсайысына қала әкімі Аюпов Рашид Абатұлы қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде пікірсайыстың басты мәселе емес екенін, негізгі мәселе сол дебат кезінде берілген уәделер мен айтылған сөздердің жерде қалмай, орындалуына баса мән берілуі керектігін айтты. Және де күнделікті болып жатырған ашық дебаттарды әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерден үзбей қарап, бақылауында ұстап жүргенін да атап өтті.

«Прайммериз – елімізде алғаш рет өтіп жатқан, көшбасшыларды анықтайтын дода. Осындай аламанда суырылып шығып, халық қамы үшін қызмет етемін деген жерлестеріме алғыс білдіремін»- деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ, Рашид Абатұлы үміткерлердің бір-біріне кедергі жасамай, бірлесе қызмет етуін де сөз қылды. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген ұстанымды ту еткен әкім халық жағдайын жақсартуда бірлік пен берекені сақтау ең басты қағидат екеніне тоқтала кетті.

Кезекті дебат күнінде үміткерлер білім, денсаулық сақтау, қала тазалығы сынды салаларға баса мән беріп, өз ойлары мен идеяларын ортаға салды. Өздерінің ұсынған жобаларынан бөлек, қонақтар тарапынан қойылған сауалдарға да айқын, әрі нақты жауап қайтаруға тырысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *