Түркістан әуежайына апаратын автожол сапасы тексерілді

Түркістан әуежайына апаратын автожол сапасы тексерілді

30 просмотров

Түркістан әуежайына апаратын автожол сапасы тексерілді

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы халықаралық терминалға тартылған инженерлік желілерді тексеріп шықты. Жол жабынынан алынған сынама оның талапқа сай екенін көрсетті.
Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» (Hazret Sultan Airport (HSA) деп аталатын халықаралық терминал әлемдегі ең жылдам салынған әуе айлағы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Дегенмен бұл —жұмыс сапасына әсер етпепті. Халықаралық әуежайға баратын автомобиль жолдың жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым. Жобаның жалпы құны – 2,4 млрд. теңге.

Түркістан әуежайына апаратын автожол сапасы тексерілді

«2019 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 2,2 млрд. теңге толықтай игерілген. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 245,050 млн.теңге бөлінді, ағымдағы жылдың қыркүйек айына игеру жоспарлануда. Автомобиль жолы 2 учаскеге бөлінген. Мердігер «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ тарапынан нысан құрылысына 348 жұмысшы және 79 бірлік техника жұмылдырылған.
1 учаскеде келесідей жұмыстар орындалды: 2 қабат асфальтобетон жабынын салу 100%, аяқжол, веложол салу жұмыстары 100%, суару жұмыстары аяқталған, көгалдандыру 85%, жолды жарықтандыру 100%. Нысанды ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Екінші участке бойынша 5,1 – 16,3 шқ 4 жолақты қозғалыс 2020 жылғы 28 ақпанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған, жобаның жалпы құны – 8,9 млрд. теңге.
Қазіргі таңда АТК каналы мен Шаға өзеніндегі көпірлерде 100% монтаждау жұмыстары жүргізілді. Жолдың өсімдік қабатын алу және жолдың негізін салу жұмыстары аяқталған, 7,8 шақырым немесе 69% жолға қара қиыршық тас салу және 7,4 шақырым немесе 65% ірі түйіршікті асфальтобетон жабыны салынған. Барлық жұмыстар ӨЖК сәйкес жүргізілуде. Нысанды 2020 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *