ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

18 просмотров

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында іссапармен болып, тасқын судан зардап шеккен тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын тексерді. Дайын болған баспаналардың сапасын бақылап, тұрғындармен кездесті. Қазіргі сәтте Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда бой көтеріп жатқан 550 үйдің 200-і тапсырылуға таяу. Бірінің шатыры шабылса, енді бірінің ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Мөлтек ауданда 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде.

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Жалпы құрылыс жұмыстарына бір жарым мыңға жуық адам жұмылдырылған. Мөлтек ауданда газбен, электрмен жабдықтау, ауыз су жүйелері және кәріз жүйелерін өткізу мен 12,7 шақырымда орам ішіндегі жолдарды салу жоспарлануда. Аймақ басшысы құрылыстың сапасына зер салып, үйлерді ұзаққа создырмай тапсыру қажеттігін баса айтты.

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Сапар барысында облыс әкімі Жаңажол ауыл округіне қарасты су тасқынынан зардап шеккен Өргебас елдімекенін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі таңға мұнда 188 отбасына 8,5 млн теңгеден қаржы аударылған. Қалған қаражат құрылыс жұмыстарына қарай үлестіріліп отырады. Қазір 130 үйдің іргетасы құйылуда, 34 үйдің қабырғалары қаланып, 5 үйдің шатыры жабылуда. Құрылыс жұмысына 613 адам тартылған.

Өмірзақ Естайұлы бұдан соң Жаңажол ауылдық округі, Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Тасқын судан зардап шеккен бұл ауылда 277 отбасына 8,5 млн теңгеден қаржы аударылған. Жалпы бүгінгі таңға 188 үйдің іргетасы құйылып, 45 үйдің қабырғасы қалануда және 2 үйдің шатыры жабылуда.  Құрылыс жұмыстарына 823 адам тартылған.

Өңір басшысы сапар барысында жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Тасқын судан  зардап шеккен ауылдардағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары Өмірзақ Естайұлының жеке бақылауында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *