Түркістан аэропорты Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

Түркістан аэропорты Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

0 просмотров

Түркістан аэропорты Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

Бұл жайында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов хабарлады.

Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында «Инвестор Түркістандағы Hazret Sultan Airport ғимаратын дүниежүзіндегі ең жылдам салынып жатқан аэропорт ретінде Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім беретінін айтты» деп жазған болатын.

Тіпті жақында құрылыс барысын  еліміздің астанасынан барған делегация бақылаған.

– Осы айдың соңында техникалық ұшу болады, ал жолаушылар түрік әлемінің астанасына келер жылдың қаңтарынан бастап ұшып келе алады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Еске салсақ, Түркістан аэропорты – тәуелсіздік жылдарында салынған алғашқы аэропорт.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *