ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ӘКІМДІГІНЕ ҮМІТКЕР АЗАМАТТАРДЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ӘКІМДІГІНЕ ҮМІТКЕР АЗАМАТТАРДЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

22 просмотров

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ӘКІМДІГІНЕ ҮМІТКЕР АЗАМАТТАРДЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастамасына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні ауыл әкімдерін сайлаудың алғашқы кезеңі өткізілетін болады.

Осыған орай, белгіленген заңнамаға сай, кеше, яғни 14 шілде күні сағат 18.00-ден бастап үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда, Түркістан облысы бойынша тіркелген саяси партиялардың ұсынуы мен өзін-өзі ұсыну қағидаттары бойынша 210 үміткер тіркеліп отыр.

Үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарын тиімді жүзеге асыру үшін сайлаудың алғашқы кезеңі өтетін 60 ауыл округте баспа үгіт материалдарын ілуге арналған 212 орын дайындалған.

Үгіт-насихат кезеңінің енді басталғанына қарамастан үміткерлердің саяси белсенділігі өте жоғары деңгейді көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 181 ауыл округі болса сайлаудың алғашқы кезеңі 60 ауыл округтегі 241 сайлау учаскесінде өткізілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.