ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПСАЛАЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПСАЛАЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

15 просмотров

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПСАЛАЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тетігі аясында қыруар тірлік атқарылуда. Сондай игі істі аудандағы құс шаруашылығымен айналысып отырған Біріккен Араб әмірлігінің компаниясы іске асырып отыр. Аталған кәсіпорын өз қаражатына аудан орталығы – Шаян елдімекенінен су жаңа заманауи үлгідегі спорт кешені құрылысын аяқтап, өткен жылы ел игілігіне тапсырған болатын. Нақтырақ айтсақ, бұл кешеннің құрылысына 1 млрд. теңге жұмсалыпты. Мұнда 1 бассейн мен теннис корты және 5 спорт алаңшасы бар. Қазір аталған спорт кешені Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің иелігіне табысталған. Яғни барлық құжаттары рәсімделіп, аталған мектептің меншігіне өткізілген.

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПСАЛАЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ


«Заманауи үлгідегі спорт кешеніне біз өткен жылдың мамыр айында қоныс аудардық. Содан бері мұнда орналасып, барлық құжаттарын заңдастырып, өзіміздің меншігімізге алдық. Алдағы уақытта мұнда жүзу, еркін күрес, таэквандо, теннис сынды үйірмелер ашылатын болады. Барлық қызмет тегін түрде көрсетіледі. Сондай-ақ, мұнда олимпиада резервіне қарасты спортшылар оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді», – дейді Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Шадияр Қондыбаев.

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПСАЛАЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ


Мұндай заманауи спорт кешендері әзірге облысымыздың өзге аудандарында жоқ. Тек облыс орталығы Түркістан қаласында ғана бар. Спорт мектебінің басшылығы жуырда облыстық спорт басқармасына 25 бірлік штат сұрап, арнайы өтінім жіберіпті. Егер бұл ұсыныс қолдау тауып жатса, келешекте Бәйдібек ауданынан Дмитрий Баландин секілді су спортының саңлақтары көптеп шығатынына сенім мол.

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПСАЛАЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *