ТҮРКІСТАН: БІР ЖЕРДЕН ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛУ - ТАБЫСТЫ МОЛАЙТАДЫ

ТҮРКІСТАН: БІР ЖЕРДЕН ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛУ — ТАБЫСТЫ МОЛАЙТАДЫ

19 просмотров

ТҮРКІСТАН: БІР ЖЕРДЕН ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛУ - ТАБЫСТЫ МОЛАЙТАДЫ


Үйіргелік жерге тың технологияларды пайдаланған жағдайда жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар беріледі. Облыс әкімінің бастамасы Отырар ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірімізде бір алқаптан 2 немесе одан да көп өнім алу және үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану ісі қолға алынып, қарқынды жұмыстар Отырар ауданында да басталып кетті. Жаңа жобаларды енгізу бойынша аудан басшысы Әбдіғали Жүнісовтің тапсырмасына сәйкес ауыл округі әкімдерінің ұйымдастыруымен іске кіріскен аудан шаруалары алғашқы өнім алудың қамына кірісіп үлгерген. Аталған жұмыстардың барысымен танысу, шаруаларға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін насихаттау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық Аққұм, Көксарай ауыл округтеріндегі бірқатар ірі және жеке үй іргелік жерге түрен салған шаруалармен кездесті. Аталған кездесу барысында бөлім басшысы шаруаларға бір алқаптан 2-3 өнім алудың ерекшеліктері мен экономикалық тұрғыдағы пайдасының орасан екенін жеткізіп, осы бағытта атқарылған жұмыстардың барысымен танысып шықты. Сонымен қатар, үйіргелік жерлерге тың технологияларды енгізіп, отбасылық кәсіпті ашуға ниетті азаматтарға мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып отырғанын, тың технологияларды пайдаланған жағдайда жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар берілетіндігін айрықша атап өтті. Бүгінгі таңда, Еділ Досалы, Дүйсен Ашықбайлар өздерінің үй іргелік жерлеріне тамшылатып суару әдісімен картоп және күзде пісетін қияр егу жұмыстарын жүргізсе, Бақытжан Орынбасаров 2-3 өнім алу жобасы аясында сәуір айының басында 10 га жерге еккен бақша дақылдары бүгінгі таңда пісіп, өнімін жинауға дайын. Шаруашылық иесі Бақытжан Орынбасаровтың айтуынша маусым айының соңында 7 га жерден 90 тоннадан астам қарбызды шет елге шығаруды жоспарлап отыр. Осы дақылдарын жинап біткен соң екінші өнімге сүрлемдік жүгері мен көкөніс дақылдарын егуді жоспарлап отырғандығын жеткізді. Көпшілікті сүйсінткен берекелі іс Отырар ауданындағы өзге ауыл округтерінде де жалғасын тауып, отбасылық кәсіп ашушылар қатарының артатын күні де алыс емес секілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *