ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТҮТІННЕН АРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТҮТІННЕН АРЫЛАДЫ

3 просмотров

ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТҮТІННЕН АРЫЛАДЫ

Түркістанда газдандыру бойынша жұмыстар жүйелі жүзеге асыуда. Жыл аяғына дейін облыс орталығы қою қара түтіннен толық арылмақ. Өйткені қыс маусымында жылуды қамтамасыз ететін  «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны көгілдір отынға көшті. Деректерге сүйенсек аталмыш мекеме қыс маусымында 16000 тонна қатты отынды пайдаланады екен.

Сонымен бұған дейін қаладағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және қала әкімдігінің қаулылары негізінде әр жылдың 1 қараша айынан бастап қазандыққа от жағылып, жылу кезеңінде І және ІІ мөлтек ауданындағы 75 көпқабатты тұрғын үйлеріне, жер теліміндегі – 28 үйге, әлеуметтік 60 нысанға, 60 коммерциялық ғимаратқа жылу энергиясын 1 сәуірге дейін қамтамасыз етіп келді. Қыс маусымында жылу мекемесі 16000 тонна қажетті қатты отын пайдаланып отырған екен. Бұл дегеніңіз қаланың экологиясына кері әсер беріп келді. Қыс ауасында Түркістанның төбесін қарасаңыз, қара түнекке айналып кететіні жасырын емес. Бұл жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, жазылып та жүр. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, шұғыл шаралар қолға алынуда.

Қала басшысы Р.Абатұлы бас болып, осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі тарапынан тиісті қаржы бөлініп, қуаттылығы 42 МВТ қазандық отын түрі табиғи газға алмастырылатын болды. Қазіргі таңда табиғи газбен жұмыс жасайтын қазандықты салу құрылысы басталып кетті. Бұл құрылысты Алматылық «ASI Building» ЖШС мердігер компаниясы жеңімпаз болып танылып, қарқынды түрде жүргізуде. Құрылысқа республикалық бюджеттен 750 млн. теңге қаржы қаралғандығын айта кеткен жөн.

Сонымен биылғы яғни 2020-2021 жылғы қысқы жылу маусымына жоғарыда аталған көпқабатты тұрғын үйлер толық табиғи газбен қамтылатын болады. Қазандықтың құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың 1 қазанына дейін бітіру жоспарланған. Жылу жүйесі бойынша магистралды жүйе 6,1 шақырым болса, ішкі орамды таратушы жылу жүйелері 17,990 шақырымды құрайтын болады. 2010 жылы өндіріске қосылған жылу жүйесі құбырларының тозығы жетіп жарамсыздығына байланысты ішкі таратушы жүйелерінің 16,3 шақырымы ауыстырылады. Қазіргі таңда жоба жасалынып, мердігер компания анықталып, 2020 жылдың 15 шілдесінен бастайтын болады.

Түркістан қаласында 2 жылу қазандық жұмыс жасайды. Бірінші қазандық 1,2 мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берсе, ал екінші қазандық жаңадан бой көтерген Отырар мөлтек ауданындағы 12 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуде. Отырар мөлтек ауданындағы жылу қазандығы оның қуаттылығы 8 МВТ бүгінгі таңға дейін жылу маусымында табиғи газбен қамтамасыз етіп, қала тұрғындарына жылу беріп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *