ТҮРКІСТАН: ДӘРІХАНАЛАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ДӘРІХАНАЛАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

41 просмотров

ТҮРКІСТАН: ДӘРІХАНАЛАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді. Тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға сәйкес, дәрілердің шектік бағасы, қолжетімділігі назарға алынды. Мониторингтік топ құрамында Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті фармацевтикалық инспекторат бөлімінің басшысы Б.Байғазиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Г.Қарсыбай және өзге де азаматтар болды. Аталған топ облыс орталығындағы 10-ға жуық дәріхананы аралады.

Мониторинг барысында дәрілік заттарды шектік бағадан қымбат саудалағандар анықталды. Сонымен бірге аса қажетті кейбір дәрілердің тапшылығы да байқалды. Сондай-ақ дәрілердің шектік бағасы жазылған арнайы тізім ілінбеген. Бұл кемшіліктер бойынша дәріхана қожайындарына ескерту берілді.
Жалпы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен аудандық филиалдары облыс көлемінде апта бойы мониторингтік жұмысты жалғастырады. Себебі карантин кезінде бұл мәселе бойынша тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар жиі түсіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *