ТҮРКІСТАН: Екі айда фото-бейне жүйелерімен 34 317 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған

ТҮРКІСТАН: Екі айда фото-бейне жүйелерімен 34 317 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған

71 просмотров

ТҮРКІСТАН: Екі айда фото-бейне жүйелерімен 34 317 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған

Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік практика бөлімі фото-бейне жүйелермен жұмыс атқаратын қызметкерлері қарқынды жұмыстар жүргізуде. Әкімшілік айыппұл салу тәртібімен ұйғарымдар шығарылып, оларды төлетуге бағытталған жұмыстар күнделікті атқарылып жатыр.

ТҮРКІСТАН: Екі айда фото-бейне жүйелерімен 34 317 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған

Түркістан облысы бойынша 8-дана «Трафиксканер», 1-«Интегра» интелектуалдық қиылыс, 4-дана жылжымалы «Крис-П», 3-дана «Арена» және 1-дана фото радарлы комплекстері 2019 жылдың 15 қазанынан бастап жұмыс жасауда.

 «Трафиксканер» көлік құралдарының басқару жылдамдығын мен жолдың қарама-қарсы бағытына шығу секілді құқықбұзушылықтарды анықтайды және  екі бағытты да алып отырады. «Интегра» — көшелер қиылысында бағдаршамның тиым салынған белгісін, тоқтау сызығын басу, қарама-қарсы бағытқа шығу секілді жол ережесін бұзушыларды анықтайды. «Крис-П» және «Арена» құралдары Республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты асыру жайын анықтауға бағытталған.

Ағымдағы жылдың екі айының қорытындысымен фото-бейне жүйелерімен 34 317 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 57 412 707 теңге айыппұл салынған, оның 24 357 516 теңгесі өндірілді.

Алдағы уақытта Түркістан қаласындағы С.Қожанов атындағы көшесінің бойына «Скат ПП» атты фото бейне камера іске қосылады. Ол көлік құралының жылдамдығын анықтау, жаяу жүргіншіге басымдық бермеу, тиым салынған жерге көлік құралымен тоқтау, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру, қарама-қарсы бағытпен көлікті басқару секілді жол ережесін бұзушылықты анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жол-қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда абай болу керектігін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *