ТҮРКІСТАН: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ БАЯНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ БАЯНДАЛДЫ

61 просмотров

ТҮРКІСТАН: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ БАЯНДАЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі шаһардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша тікелей эфирге шықты. Онда эпидемиологиялық ахуал баяндалды.

Дәріхана бағаларының шекті бағамен тауар сатуын мобильді топ мүшелері бақылау жасап тұрады. Одан өзге, дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін 11 шілде күні Алматы қаласынан 136 түрлі 242 қорап және 15 шілде күні 110 түрлі 140 қорап дәрінің алғашқы толқыны келді. Оның ішінде: антибиотиктер, антикоагулянттар (қан сұйылтатын) және тыныс алу жолдарына арналған дәрілермен толығып, келісімге келген дәріхана сөрелеріне орналастырылып, тек шекті бағадан асырмай сатылуда. Алдағы күндерде де сұраныс бойынша жеткізілетін болады. Тұрғындарда дәрі-дәрмек тапшылығы болмас үшін және кәсіпкерлерге қолдау ретінде тез жеткізу үшін қала әкімдігі логистикамен қамтамасыз етуде.

 Жалпы, бүгінде 669 адам коронавируспен ауырса, 553-і жазылып шыққан. Оның ішінде қайтыс болғандар саны – 4. Пневмония бойынша да маусым айынан бері ауруханаларға жатқызылғандар саны – 1115, жазылғандар – 975. Түркістанда ауырып жатқан адамдарға оттегі концентранттары, дәрі-дәрмек әперумен көмек қолын созып жатқан кәсіпкерлер, компаниялар, еріктілер, бауырлас елдер және қала әкімдігі де бар.  

Одан өзге, «Amazing Turkistan» қосымшасындағы жаңа «Дәріхана», «Қызмет» бөлімдері, мобильді топ жұмысы және дезинфекциялау істеріне тоқталып өтті. Жалпы, барша қала тұрғындарын карантин режимінің талаптарын, яғни медициналық бетперде тағу, арақашықтық сақтау, жасы үлкен азаматтардың үйде болуы сынды талаптарды орындап, індеттен аман-сау шығуымызға үлес қосуға шақырамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *