ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

14 просмотров

ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Еліміздегі карантинге байланысты Түркістан қаласының төрт қақпасында блок-бекеттер күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Ондағы дәрігерлер мен тәртіп сақшыларының еңбегін бағалау керек. Сондықтан сабырлықпен сақтық шараларын байыппен қадағалап жүрген мамандарға  “Біз біргеміз!” акциясы аясында түркістандық имамдар наурыз көже мен бауырсақ таратты. Шараға облыстық мешіт ұжымы мен “Тұран” қайырымдылық қорының ұйытқы болды.

ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Шара аясында 200 литр Наурыз көже мен 2800 дана бауырсақ пісіріліп, ұлттық тағамдар Шымкент, Қызылорда, Отырар, Кентау блок-бекеттерінде тұрған қызметкерлер мен жолаушыларға берілді.

ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Жолаушылар имамдарға алғыстарын айтса, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді сауапты іске атсалысқан азаматтардың баршасына ризашылығын білдірді. 

ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

 Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *