ТҮРКІСТАН: ИРРИГАЦИЯЛЫҚ КАНАЛДАРДАН СУ ЖІБЕРІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: ИРРИГАЦИЯЛЫҚ КАНАЛДАРДАН СУ ЖІБЕРІЛІП ЖАТЫР

6 просмотров

ТҮРКІСТАН: ИРРИГАЦИЯЛЫҚ КАНАЛДАРДАН СУ ЖІБЕРІЛІП ЖАТЫР

Арыс-Түркістан каналынан бастау алатын 11,7 км-ге созылған ирригациялық каналда су ағып жатыр. Оның 1,5 км Яссауи көшесінен өтіп, 3,1 км-і Б. Саттарханов даңғылынан жасыл белдеуге жетеді.3,7 км Шекті Тілеу-Жолдыаяқов көшесінен өтіп, Желілік саябаққа құйылуда. Және де Арыс-Түркістан каналынан жасыл белдеуге өтіп жатыр.

Сонымен қатар, Түркістан-Кентау тас жолы аумағының жиегінде орналасқан ирригациялық каналдан Б. Саттарханов даңғылы, Қаракөз мазаратына дейінгі 3,4 км аумақта да су жіберіліп жатыр. Барлық аталған ирригациялық каналдың жиегінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылған.Қазіргі таңда, Б. Саттарханов даңғылынан «Ортақ» тұрғын үй массивіне дейін құрылысы жүріп жатқан 4,9 км ирригациялық каналдың біршама жобасы аяқталған. Құрылыс аяқталған соң, ирригациялық каналдың жалпы ұзындығы 15 км-ге ұзармақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *