
Бүгінде «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүзеге асуда. Осы бастамаға қолдау көрсетуді жөн көрген белгілі кәсіпкерлер саны да артуда. Солардың бірі – «Азала текстиль» фабрикасы мен «Мырзакент» мақта өңдеу зауытына иелік ететін «Мырзакент-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бауыржан Жамалов. Осы азаматтың демеушілігімен Мақтаарал және Жетісай ауданының тұрғындарына жалпы 10 мың медициналық маска таратылды.
Алдымен Мақтаарал ауданы тұрғындарына 5 мың маска жетізілді. Сонымен бірге кәсіпкер карантин жарияланған Атакент кентінде тұратын аз қамтамасыз етілген 14 отбасыға тегін медициналық бетперделерге қосымша азық-түліктер үлестірілді.
Осы акция аясында кәсіпкер Жетісай ауданында да 5 мың маска таратып, 12 отбасыға азық-түлік үлестіруге демеушілік танытты.
Қиын кезеңде көмегін аямаған кәсіпкерге мырзашөлдіктер ризашылығын білдірді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының
баспасөз қызметі