ТҮРКІСТАН: КӨШЕТ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КӨШЕТ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

18 просмотров

ТҮРКІСТАН: КӨШЕТ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Төлеби ауданының полицейлері көшет ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады – деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, 12 наурыз күні кешке белгісіз тұлғалар оның бақшасынан алманың 7 көшетін ұрлап кеткенін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 20 мың теңгені құрады. Аталған жайт Төлеби АПБ-мен СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жақын аймақтарды аралап шығып, қалдырылған іздердің бар-жоғын мұқият тексерді, оған қоса бірқатар басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары көрген-білген куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары «бақша ұрысының» ізіне түсті.
Ұзаққа созылған жедел-іздестіру іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотталмаған Төлеби ауданының тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері күдікті жас жігіттен айғақты зат ретінде ұрланған көшеттерді алып, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда аталған «Ұрлық» жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *