ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ АЛТЫ БАЛАЛЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ АЛТЫ БАЛАЛЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

9 просмотров

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ АЛТЫ БАЛАЛЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Түркістан облысы Келес ауданы Жүзімдік ауылында тағы бір жалғыз басты көпбалалы ана баспаналы болды. Бұл иглікті іске «Харекет» қайырымдылық қоры ұйытқы болып отыр. Осыдан бір жыл бұрын отағасынан айырылған Бегайым Киікбаева балаларын жалғыз өзі өсіріп отқан еді. Ананың қуанышында шек жоқ. Бұрын аталған ауылдың ескі үйді паналап отырған отбасы қайырымдылық қордың арқасында 5 бөлмелі үйге қол жеткізді. Бұл қасиетті Рамазан айындағы игі бастаманың бірі деп атайды қайырымдылық қордың басы қасында жүрген Әлімбек Ғалымжан. «Оразаның 30 күнінде 30 үйді табыстауды ниет еткен қайырымдылық қорының назары бұл жолы Келес ауданынан тысқары қалмады. Қайырымдылық қорының құрылғанына 2 жылдың жүзі болған еді. Дегенмен аз уақыттың ішінде оның шапағатын көргендер көп. Еліміз бойынша бүгін 186-шы үйдің кілті табыстадық»,- дейді қор мүшелері.
Талай баспанасыз жандарды қуанышқа кенелтіп жүрген “Харекет” қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға қолдау көрсету ісін бұдан соң да жалғастыра бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *