ТҮРКІСТАН: ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

52 просмотров

ТҮРКІСТАН: ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Төлеби аудан әкімдігінің бастамасымен бүгін Ленгір қаласында құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасы тексерілді.

«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары арнайы шақыртылып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мамандар Ленгір қаласындағы Төлеби, Ә.Бектаев, «Ленгір — Шахта-Тоғыс» бағытындағы жолдардан арнайы құралдың көмегімен ойық алып, сараптама жұмыстарын бастады. Қорытындысы белгілі болған соң тиісті шешім мердігер мекемелерге жолданатын болады.

Сапаны бақылауда аудан әкімі Б.Омарбеков, аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаев, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансеитов, аудандық мәслихат депутаттары Ә.Әміралиев, С.Құлманов, жұмыстардың басы қасында болды.

Аталмыш көшелерге құрылыс жұмыстары 2019 жылы құрылысы басталып 2020 жылы да жүргізілгендіктен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан әлі қабылданбаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *