ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАРДЫҢ БҰРЫНҒЫ ЖЕРЛЕРІ ӨЗ МЕНШІКТЕРІНДЕ ҚАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАРДЫҢ БҰРЫНҒЫ ЖЕРЛЕРІ ӨЗ МЕНШІКТЕРІНДЕ ҚАЛАДЫ

22 просмотров

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАРДЫҢ БҰРЫНҒЫ ЖЕРЛЕРІ ӨЗ МЕНШІКТЕРІНДЕ ҚАЛАДЫ

Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі «Мақтаарал» жалпы орта мектебінде орналасқан эвакопунктте арнайы штаб мүшелері су басқан Жеңіс ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандағы тұрғын үйлері суға кеткен 180-ге жуық тұрғын қатысты. Негізгі мақсат — зардап шеккен тұрғындардың ұсыныс-талаптарын тыңдау, қордаланған мәселелерді шешу.

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАРДЫҢ БҰРЫНҒЫ ЖЕРЛЕРІ ӨЗ МЕНШІКТЕРІНДЕ ҚАЛАДЫ

Атап айтқанда, Мырзакент кенті маңында салынып жатқан тұрғын үйлердің кімдерге қалай берілетіні, қоғамдық қордан берілетін және жан басына шаққандағы өтемақылардың берілуі, тұрғындардың бұрынғы ауылдарындағы тұрғын үйлерінің орны дачалық массив ретінде қалуы, ол жерлерді құрылыс қоқыстарынан тазалау, ауылдарға жарық, ауыз су беру тәртібі, азық-түлікпен қамту, қазіргі эвакопунттердегі жағдай бойынша жинақталған пікір-ұсыныстарды тыңдау. Бұл уақытқа дейін де тұрғындардың осы тектес сұрақтарына тұрақты түрде жауап беріліп тұрғанына қарамастан, мәселе күн тәртібінен түспеген. Дегенмен, аталмыш кездесуде жоғарыдағы мәселелерге байланысты 8 тұрғын ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сөз алған Жеңіс ауылының тұрғыны Ақтөреева Сәрсенкүл тұрғындардың мәселесін көтере келе, бүгінгі күні жатақ жай, ыстық тамақтолық қарастырылғанына және бұрынғы жерлері өз меншіктерінде қалатынына ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *