Ө.ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ө.ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 просмотров

Ө.ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!
ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді Қазақстанның жаңа елордасының, күні кешегі Астананың бүгінгі Нұр-Сұлтанның 22 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз еліміздің қасиетті төрі, құтты мекені, Еуразия кіндігіндегі бас қаламыз Ұлы даланың жасампаз жаңғыртушылық рухын бүкіл әлемге паш ете білді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында: «Тәуелсіздіктің арқасында төрткүл дүниеге достық құшағын айқара ашқан асқақ Астананы салып, еңсесі биік Ақорданы құтты орнына қондырдық. «Қазақстандық жол» – ел дамуының жаңа стратегиясы дәл осы берекелі шаһардан бастау алды. Еліміздің бар өңіріне тартылған «Нұрлы жол» да Астанадан шуақ шашты. Тіпті біздің заманды «Нұрлы жол» деп атаса да лайық», – деген болатын.
Елордамыз – Елбасымыздың ерен ерлігі. Астана арқылы тарихымыздың жаңа мәтіні жазылып, жаңа тарауы ашылды. Ізгі ниетті, таза пейілді кез-келген адам Астана идеясын биік бағалайды. Құрметтейді деп есептеймін!
Жиырма екі жылда елордамыз- Нұр-Сұлтан қаласы әлемнің ең жас та, жасампаз астаналарының біріне айналып, көрсең көзің тоймайтын, сұлу да, сымбатты шаһар атанды. Қарыштап дамыған жаңа астанамыздың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.
Жас елорданың мерекесі әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде.
Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Нұр-Сұлтан күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш боп, берекелі де,мерекелі күн кешсін!

Құрметпен, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *