Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы тұрғындарға ескерту жасады

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы тұрғындарға ескерту жасады

12 просмотров

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы тұрғындарға ескерту жасады

Түркістан облысында ауа райы күрт өзгеріп, құбылуына байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков өзінің әлеуметтік желідегі «Фэйсбук» жеке парақшасында облыс тұрғындарын оқыс оқиғаларға тап болмауы мен жол апаттарының алдын алу үшін ескерту жасады!
«Апта басталғалы табиғат өзінің тосын мінезін байқатып, еліміздің бірқатар аймағында боран соғып жатыр. Ұзақ жолға шыққан көліктер жолда қалып, әбігерлікке салынуда. Жылы өңір саналатын Түркістан облысында да қар түсіп, аязды күндер болуда. Одан міне облыс орталығы Түркістан қаласында кеше түстен кейін қалың қар жауып, қою тұман түсті. Ал синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, 14-15 қаңтарда Түркістан облысында жел күшейіп, боран соғуы және көктайғақ болуы ықтимал. Мұндай уақытта жол апаттары да жиі болады.
Сондықтан оқыс және жол көлік оқиғаларының алдын алу мен болдырмау, тосыннан қауіпке тап болған жол қозғалысы қатысушыларына дер кезінде көмек көрсету үшін, облыс көлемінде бекітілген барлық патрульдік полицейлерге маңызы бар жолдарда тәуліктеп патрульдеуді тапсырдым. Сол үшін қалааралық жолдармен қатынап қызмет ететін қызметкерлерге, маңызды жұмыстармен ұзақ жолға шығатындарға қатаң түрде ескертемін, ауа райы дұрысталғанша ұзақ жолға шықпаңыздар! Қалың тұман салдарынан жол апаты орын алып, қайғылы оқиғаға душар болуларыңыз мүмкін. Ал егер жақын аймаққа баруға мәжбүр болып, қажеттілік туындаса ғана жолға ең керекті заттарыңызды алып, сенімді болғаннан соң ғана шығуға болады. Онда да аса қажеттілік туындаған кезде! Әйтпесе жылы үйде жақындарыңыздың жанында болғандарыңыз дұрыс! Карантин шектеулерін де естен шығармаңыздар! Бастысы аман саулығымыз!»,- деді облыстың бас полицейі Қайрат Дәлбеков.
Айта кетейік, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков 2019 жылдың сәуірінен бері әлеуметтік желіде белсенділік танытып, өз жеке парақшасын департамент басшыларының ішінде алғаш болып ашып, тұрғындармен кері байланысты орнатып келеді. Әрдайым тұрғындардан және басқа да облыстардың желі қолданушыларынан түскен сауалдарға заң аясында жауап беріп, алғыстарын алуда. Облыстың бас полицейінің парақшасында 7000 оқырманы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *