ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰПИЯСЫ ТОЛЫҚ АШЫЛМАҒАН ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР ЗЕРТТЕЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰПИЯСЫ ТОЛЫҚ АШЫЛМАҒАН ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР ЗЕРТТЕЛУДЕ

32 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰПИЯСЫ ТОЛЫҚ АШЫЛМАҒАН ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР ЗЕРТТЕЛУДЕ

Түркістан облысындағы бірегей тарихи-мәдени нысандарды, оның ішінде аз зерттелгендерін кеңінен насихаттап, таныту мақсатында БАҚ өкілдеріне арналып пресс-тур өткізілді. Шараны Туризм басқармасының тапсырмасымен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысының тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар археологиялық және сәулет ескерткіштерінің саны 1663 нысанды құрайды. Олардың ішінде ЮНЕСКО — ның Дүниежүзілік мұра нысаны-Қ.А. Яссауи кесенесі, 31 ұлттық маңызы бар, 421 жергілікті маңызы бар және алдын ала жазбалар тізіміне 1210 тарихи-мәдени мұра нысандары кіреді.
Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени және рухани астанасы, Орталық Азиядағы Халықаралық туризм мен қажылық орталығы ретінде дамыту туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.
«Бірегей сәулет-тарихи және археологиялық ескерткіштері, сондай — ақ таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар Түркістан облысы туризмді ұлттық және халықаралық деңгейде дамыту үшін үлкен әлеуетке ие», — деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
Қазақ руханияты мен мәдениетінде айрықша орны бар ірі нысандар арасында жалпы ауданы 27 га аумақта археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Күлтөбе қалашығын атап өтуге болады. Оның бүкіл ауданы әрқайсысы 9 га болатын 3 учаскеге бөлінген. Бүгінгі таңда жұмыстар 18 гектарында жүргізілген. Болашақта бұл жер жаяу жүргіншілерге арналған көшелері мен жабық күмбезі бар абаттандырылған археологиялық саябақ болады. Айта кетейік, 2020 жылғы 28 қыркүйектегі Түркістан қаласына сапары аясында Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркін құру жобасы таныстырылған болатын.
Аталмыш жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, жобаның негізгі демеушісі болып табылатын Eurasian Resources Group (ERG) өнеркәсіптік компаниясы және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жүзеге асырылуда. Сарапшылар Күлтөбе қалашығы аумағында табылған заттардың тарихи және мәдени маңызға ие екендігін және I ғасырдан XIX ғасырға дейінгі түрлі тарихи кезеңдердегі қала тұрғындарының материалдық, экономикалық өмірінің айғағы болып табылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Күлтөбеде ұсынылған барлық бірегей ескерткіштер оның қаңлы дәуірінен бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі үздіксіз тарихын көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл — Ежелгі қалалық мәдениеттің куәгері екендігін көрсететін Қазақстанда жалғыз жақсы сақталған ескерткіш болуы мүмкін.
Сондай-ақ, баспасөз турына қатысушылар Қарнақ ауылының батыс шетінде орналасқан, VII – VIII-XIV ғасырларға жататын Қарнақ қалашығына барды. БАҚ өкілдері ескі мазар аумағында болып, мыңжылдық Мажратут тұт ағашын көрді. Қарнақ ауылындағы «Шаммат-Ишан мешіт-медресесі» мұражайында болып, жоспарланған археологиялық жұмыстармен танысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *