ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНДАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНДАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?

12 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНДАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?

Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен ел көлемінде 2 орынға ие болды. Жалпы, былтыр өңірге 441 млрд.теңге инвестиция салынған.

Айта кету керек, биыл қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 185,9% құрап отыр.

Сондай-ақ, сыртқы инвестициялардың айтарлықтай өсуі байқалады. 13,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 87% — ға жоғары.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 1-тоқсанында облыстың негізгі капиталына 56,8 млрд.теңге бағытталған. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 141,3% -ға жоғары.

Қазіргі уақытта «Turkistan Invest» өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Компания аймақ инвесторларына жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуде.

Мысалы, 2020 жылдың 1-ші тоқсанында «TURKISTAN INVEST» компаниясымен бірге жалпы құны 23,18 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында 197 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1,7 млрд. теңге сомасына 5 жоба өнеркәсіп саласында, 21,5 млрд.теңге сомасына 2 жоба энергетика саласында іске асырылды.

2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 397,7 млрд.теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 5 508 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 268,8 млрд. теңге болатын 14 жоба аясында 2 660 жұмыс орны құрылады. Жоспарланған жобалардың басым бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Жасыл экономика», химия өнеркәсібі және әлеуметтік нысандар құрылысын атап өтуге болады.

Агроөнеркәсіптік кешен саласына тоқталар болсақ, «Ecoinvest» ЖШС жобасының I кезеңі, яғни, 21 га жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. 2017 жылдан бастап Cottonex (Польша) компаниялар тобы Түркістан облысының Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салудың ауқымды жобасын іске асыруға кіріскен. Инвестицияның жалпы көлемі 11,3 млрд.теңгені құрайды және 200-ден астам жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, «Эко Культура» АӨХ жобасы аясында 500 га жылыжай кешендерінің құрылысы басталды. Ресей компаниясы аталмыш жобаны Түркістан облысы, Келес ауданында жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру 2020-2025 жылдарға жоспарланған. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта компания жобаның бірінші кезеңін іске асыру бойынша 50 га жобалау жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, «Тан Сари Трейдинг А» ЖШС «бақша дақылдары мен жемістерді (қауын мен қарбыз) сақтау және өнеркәсіптік өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешен» құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Жоба 2020 — 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Инвестиция сомасы-1,7 млрд.теңге. Компания өнімдері ТМД және ЕО елдеріне экспортталады.

Сондай-ақ, энергия көздері саласында «ЮКСЭС» ЖШС (Risen Energy, Қытай) шетелдік инвестордың қатысуымен жаңа жоба жүзеге асырылды. Инвестиция сомасы 19 млрд. теңгені құрайды. «Risen Energy» компаниясы «ЮКСЭС» ЖШС-мен бірлесіп Созақ ауданында 125 га аумақта қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу жобасын іске асырды.

Бұдан басқа, шетелдік компаниялардың қатысуымен басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде «ARM Wind» ЖШС (Италия) – Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында қуаты 50 мВт күн электр станциясының құрылысын жүргізуде. Инвестиция сомасы-12,5 млрд. теңге. Естеріңізге сала кетейік,» ARM WIND » — Қазақстан Республикасындағы ірі шетелдік инвестор болып табылатын ENI (Италия) Халықаралық энергетикалық компаниясының еншілес ұйымы.

Сонымен қатар, «KZT Solar» ЖШС және «HEVEL KAZAKHSTAN»ЖШС компаниялары Кентау қаласында қуаты 110 мВт күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвестиция сомасы 32,2 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2020-2021 жылдарға белгіленген.

Ал, «YDA Insaat» түрік компаниясы Түркістан қаласында халықаралық әуежай салуды жүзеге асыруда. Инвестиция сомасы — 78,8 млрд.теңге. 1500 жұмыс орныт ашылады. Жобаны іске қосу 2020 жылдың соңына жоспарланған.

«Turkistan Silkway Harbor «ЖШС Түркістан қаласындағы АЭА-ИКО аумағында» Керуен Сарай » көпфункционалды туристік кешенінің құрылысын жүргізуде. Көпфункционалды туристік кешенге жабық базар, Шығыс базары, фудкорттар, ойын-сауық аймағы, рекреациялық аймақтар және этникалық стильдегі қонақ үйлер кіреді. Инвестиция сомасы 83 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Ордабасы ауданында химия өнеркәсібі саласында «Standart Petroleum & Co»ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 95 млрд.теңге. Екі кезеңде жүзеге асырылып, 1 000-нан астам жұмыс орны ашылады. I кезеңді іске қосу 2020 жылдың соңына, II кезең — 2021 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа жоспарланған басқа да ауқымы жобалар бар. Атап айтқанда, «Turkistan Invest» басқармасының қолдауымен көкжидек өсірумен айналысатын «Loy Almaty» ЖШС-нің қазақ-грузин бірлескен кәсіпорны өңірге тартылды.

Жоғарыда көрсетілген жобаның өндірістік қуаты жылына 13 мың тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру Қазақстанның барлық нарығын қамтып, Түркістан облысының экспорттық әлеуетін кеңейтуге үлес қосады. Жоба аясында облыс экономикасына шамамен 10 млрд. теңге инвестиция салып, 250 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жобаны іске қосу Арыс қаласы маңындағы Байырқұм ауылында ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған.

Сонымен қатар, облыс басшылығы Түркістан облысы экономикасының әлеуметтік-маңызды салаларына инвестиция тартуға ерекше көңіл бөледі. Бәрімізге белгілі, әлемде ауыз суға қол жеткізуде белгілі бір қиындықтар байқалуда. Осыған байланысты «Turkistan Invest» күшімен «Professional Mechanics» түрік компаниясы Қазақстанда теңдесі жоқ суды тазарту бойынша блоктық-модульдік станцияларды өндіруге тартылды. Осы жоба аясында 1 млрд.теңгеден астам қаражат тарту және 50-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Asya Modern Sera» өндірістік жылыжайлар салумен айналысатын түрік компаниясы Түркістан облысының Келес ауданында голландтық технология бойынша ауданы 20 га өнеркәсіптік жылыжай салуды және 300 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Инвестицияның алдын ала сомасы — 8,8 млрд. теңге.

Импорт алмастыру бағдарламасы шеңберінде жергілікті әлеуетті инвесторларды қолдау жұмыстары да жалғасуда. Бұл бағытта «PerfoSystem Production & Co» ЖШС өнімдерін өткізуді қамтамасыз ету мақсатында оффтэйк келісім-шарт жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, ол пайдалы қазбаларды барлау үшін жарылғыш заттарды өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында 120 жұмыс орнын ашу және Түркістан облысының экономикасына 5,3 млрд.теңге инвестиция салу жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген жобалардан басқа «Turkistan Invest» тарапынан «Kablo Kastro» — төмен вольтты кабельдерді өндіру жөніндегі түрік компаниясы, сондай — ақ «Lindsay» американдық компаниясы-жаңбырлатып суару жабдықтарын өндіру сияқты басқа да әлеуетті инвесторлармен белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *