ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» БАСТАУ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» БАСТАУ АЛДЫ

6 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» БАСТАУ АЛДЫ

Түркістанда «Ұлттық мектеп лига» спорт жарыстарының ашылу рәсімі өтті. Пандемия салдарынан орын алған үзілістен кейін командалық спорт сайысы Түркістан қаласында бастау алды. Төрт команда бақ сынайтын іріктеу тур төрт күнге жалғасады. Сайыс кезінде барлық карантин талаптары қатаң сақталады. Қатысушылардың дене қызуы тексеріліп, арақашықтық сақталған. Ұлттық мектеп лигасы аясында волейболдан мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған қалалық іріктеу ойындарын тамашалауға келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оқушыларға сәттілік тіледі.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» БАСТАУ АЛДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» БАСТАУ АЛДЫ

«Адал және жігерлі күш сынасуда жеңіске деген үміттеріңізді үзбеңіздер. Ұдайы шыңдалып, шеберлік пен машықты жинақтауға ұмтылыңыздар. Алдағы уақыттарда Туымызды әрдайым, әлемнің барлық нүктелерінде жаңа жеңістермен желбіретіп, сіздерге аманат етер ең басты байлығымыз, біздің барша табыстарымыздың кілті – ел бірлігін сақтауға күш салуларуыңызға тілектеспін», – деді облыс әкімі.

Ұлттық мектеп лигасы аясында футбол, баскетбол, гандбол, волейбол спорт түрлерінен өтетін жарыста оқушыларға спорт мектебінен бапкер, кәсіби маман бекітілген. Лига жарыстары чирлидинг, яғни үйлесімді спорт түрі форматында ұйымдастырылады. Әр мектеп командаларының өз логотиптері мен ұрандары жасалған. Командалар арнайы спорттық формаларымен қамтамасыз етілген. Мектеп оқушыларына жарысқа арнайы автобустар тасымалдайды.

Ұлттық мектеп лига жарыстарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру және ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғамдық өмірге белсене атсалысатын лидер, көшбасшыларды топтастыру. Облыстық спартакиаданың кезеңі қаңтар айында мектепішілік команда жасақталып, аудандық чемпион команда анықталады.

Бұл лигада облыстағы ең үздік деген спортшы оқушылар өнер көрсетеді. Жеңімпаз болған спорт командасы, облыстық, республикалық, халықаралық мектеп оқушылары арасында спорттан жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайды. Наурыз айында облыстық чемпионатта әр аудан, қаладан үздік командалар өзара облыстық іріктеуге қатысып, чемпион командалар марапатталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *