Сайрамдық103 жастағы кейуана ауыл әкімін таңдап, дауыс берді

Сайрамдық103 жастағы кейуана ауыл әкімін таңдап, дауыс берді

8 просмотров

Сайрамдық103 жастағы кейуана ауыл әкімін таңдап, дауыс берді

Сайрам ауданы Қарамұрт ауылының тұрғыны, 103 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Тоты-ай Төлегенова да өз таңдауын жасады.

Сайрам ауданындық сайлау учаскесі комиссия мүшелері ардагерлер мен зейнеткерлердің үйіне барып, сайлауда дауыс беруін қамтамасыз етіп жатыр.

Ақ жаулықты ана бес ұлдан 17 немере, 54 шөбере сүйіп отыр.

Кейуана алғыс білдіріп, елдің мерейі үстем болсын деген ниетпен батасын берді.

Ал, Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысты. Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі.

«Бұл өзіміз тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан жұбайымыз екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды жасадық. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуі, жас кәсіпкерді қолдау сияқты маңызды мәселелер болашақ әкімдердің қолында. Сол үшін де іскер, білікті әкімді халықтың өзі сайлап алғаны өте орынды деп ойлаймын«, — деді Қожантай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.