ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 16 ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ СҮРІЛГЕН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 16 ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ СҮРІЛГЕН

20 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 16 ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ СҮРІЛГЕН

Түркістан облысы аумағында былтыр 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.«Өңір көлемінде былтыр 715 жоба бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде 356 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 348 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен және 11 жоба инвестициялық қаржы есебінен салынуда. Сондай-ақ, басқармада 2020 жылы заң талаптарын сақтамай салынған 84 құрылыс нысандарына тексеру жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтар негізінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 153 хаттамамен шара көрілген»,- деді Тарту Орынтайұлы. Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай заң талаптары сақталмаған үшін жалпы салынған айыппұл көлемі 28 935 945 теңгені құрайды. Негізінен, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Бұл қызметтер 2019 жылдан бастап 100 пайызға электронды түрде көрсетілуде. Былтыр құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 1096-өтініш қабылданған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *