ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 22 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҰБТ ТАПСЫРУҒА НИЕТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 22 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҰБТ ТАПСЫРУҒА НИЕТТІ

15 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 22 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҰБТ ТАПСЫРУҒА НИЕТТІ

Түркістан облысы Адами әуелетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Қуатбекұлы Жолаев «2021 жылы ҰБТ ұйымдастыру және өткізу туралы» БАҚ өкілдерімен бірге брифинг өткізді .

Жалпы, ҰБТ жоғарғы оқу орынына, үлкен белестерге деген алғашқы қадам және шешуші сәт екені белгілі. Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістердің бірі- Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекше жаңа форматы. Биылғы оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу ерекше жаңа форматта өткелі отыр. 2020-2021 оқу жылында Түркістан облысы бойынша жалпы 919 мектепте 499 894 оқушы білім алды. Оның ішіндегі түлектер саны – 27 410 құрап отыр. Бүгінде, олардың 22 535-і (сонда 82,2 %)-ы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр.

Биыл облыста 5 аудан, қала орталығында және Шымкент қаласында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында ҰБТ компьютерлік форматта өткізілуде. Олар:

1. Түркістан қаласында (Түркістан, Отырар, Кентау),

2. Жетісай ауданында (Жетісай, Мақтаарал, Шардара),

3. Сарыағаш ауданында (Сарыағаш, Келес, Қазығұрт),

4. Ордабасы ауданында (Ордабасы, Арыс, Бәйдібек),

5. Созақ ауданында (Созақ) ,

6. Шымкент қаласында (Арыс, Қазығұрт, Түлкібас, Төлеби, Сайрам) орналасқан тестілеу орталықтарында 21 аудиторияда 600 орын дайындалған.

Оқушы ҰБТ тапсыратын аудан, қаланы өз қалауы бойынша таңдайды.

Тестілеу «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша компьютерлермен жабдықталған орталықтарда өткізіледі.

Тестілеуге қатысуға өтініштер http://app.testcenter.kz/auth сайтында 2021 жылғы 17 сәуірден бастап қабылданатын болады.

Тестіленуші өз бетінше тіркеле алады.

Ағымдағы жылы бітірушілерге мемлекеттік грантқа тапсыруға тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік беріледі.

1-мүмкіндік.

• Тестілеу 25 сәуір мен 30 маусым аралығында өткізіледі.

• Тестілеу тегін.

• ҰБТ-дағы жинаған балымен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі.

2-мүмкіндік.

• Тестілеу 1 мамырдан басталады.

• Тестілеу тегін.

• ҰБТ-дағы жинаған балымен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі. Барлық тестілеу орталықтарында интернет жылдамдығы талаптарға сәйкес келеді, онлайн трансляцияға қосылған, ахуал орталығы жұмыс істейді, тұрақты электр желісіне қосылған.

Тестілеу орталықтарының барлығында медициналық пункттер жұмыс істейді, ұялы байланыс тұншықтырғыштары орнатылған, ғимараттар антитеррористтік қорғанысқа тексерілген.

2021 жылғы ҰБТ өткізу барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық талаптары сақтау қамтамасыз етілген. Тестіленушілерді кіргізу және отырғызу кезінде 2 метр арақашықтық сақталатын болады.

Барлық тестілеу пункттері тепловизорлармен, медпункттермен, зарарсыздандыру тоннельдерімен, санитайзерлермен, дезинфекциялаушы кілемшелермен, бетперделермен, қолғаптармен қамтамасыз етілген.

ҰБТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін ҰБТӨП-ке ҚР БҒМ қызметкерлері қатарынан және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері мен арнайы мониторингтік топ мүшелері қатарынан бақылаушылар жіберіледі.

Жалпы, тестілеу шарттары:

• Тестілеу уақыты – 240 минуттан тұрады.

• Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығуларға және дене жаттығуларына арналған 2 минут көлемінде үзіліс беріледі.

• Тестілеудің 120 минуты өткеннен кейін 15 минут көлемінде үзіліс беріледі;

• Тестілеудің 180 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығуларға және дене жаттығуларына арналған 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

Барлық тест тапсырмалары саны – 120, балдары — 140:

• ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ – 15 сұрақ

• МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ — 15 сұрақ

• ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ – 20 сұрақ

• 1-БЕЙІНДІК ПӘН – 35 сұрақ

• 2-БЕЙІНДІК ПӘН – 35 сұрақ

Тестіленуші тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға бере алады.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмеген, дұрыс жауап болмаған, бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болған, тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған жағдайларда қарастырылады.

Апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут аралығында беріледі.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында 11 сыныпты 24 658 оқушы бітірді. Облыс бойынша орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінен тестілеуге 18 394-і (қазақ тілінде – 17 070, орыс тілінде – 1320, ағылшын тілінде — 4) өтініш берді, яғни ол 74,6% (2019 жылы -68,8% ) құрайды. Ал, ҰБТ-ны 17 701 оқушы тапсырған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *