Түркістан облысында 300 мыңға жуық жүргізуші жылдамдықты асырған

Түркістан облысында 300 мыңға жуық жүргізуші жылдамдықты асырған

15 просмотров

Түркістан облысында 300 мыңға жуық жүргізуші жылдамдықты асырған

Түркістан облысының полицейлері жол апаттарының алдын алу мен болдырмау мақсатында әрдайым қарқынды қызмет етіп келеді. Күндіз-түні жүргізіліп жатқан рейдтер мен тексерулер кезінде қаншама құқықбұзушыларды анықтап, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыс полицейлерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералар мен арнайы жылжымалы кешендердің саны артты.
Соның негізінде 2020 жылдың 12 айында жол ережесін бұзған жүгенсіз жүргізушілер ұсталып, тиісті әкімшілік шаралар көрілді.
Яғни өткен жылда тәртіп сақшылары 300 мыңға жуық жылдамдықты асырған және қарсы жолаққа шыққан 700-ге жуық жүргізушіні анықтады. Сонымен қатар жол қозғалысы кезінде ұялы телефонмен сөйлескен 6000-ға жуық, қауіпсіздік белдігін тақпаған 30 мыңнан астам жүргізушіні ұстады.

Түркістан облысында 300 мыңға жуық жүргізуші жылдамдықты асырған

Өз кезегінде бұл сандар сақшылардың жұмысты одан әрі де жандандырып, 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін көрсетті. Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық бойынша өндірілген ақша көлемі де қомақты.
Мәселен 2019 жылы 1 миллиард 200 миллионнан астам ақша өндірілсе, 2020 жылы 4 миллиард 300 миллионнан аса қаржы мемлекет қазынасына қайтарылды.
Жалпы облыс полицейлері жол қозғалысын қадағалау мақсатында профилактикалық жедел іс шараларды күн тәртібінен түсірмей келеді. Мұндай нәтижелі жұмыстар тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін ұдайы қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Айта кететін жайт, облыс көлемінде полицейлердің қадағалауында 56 бейнекамера мен 21 фиксатор бар. Болашақта аталған кешендердің санын арттыру жайы да қаралуда.
Полицейлер ескертеді: әрдайым жол қозғалысы ережелерін сақтап, маневр жасауға, қарама-қарсы бағытқа шығуға, басып озуға және жылдамдықты асыруға жол бермеңіздер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *