ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯТЫН ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯТЫН ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

36 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯТЫН ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысының білім саласында сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында көптеген нәтижелі істер жүзе асуда. Бұл туралы облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев баяндады. Ол Елбасының бастамасымен 2 жыл бұрын құрылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының жетістіктерін ортаға салды.

Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру мақсатында «Sanaly Urpaq» жобасы Түркістан облысындағы колледждерде іске асуда. Мобильді бақылау тобы құрылып, қабылдау емтихандары кезінде ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілген.

Жұмысқа қабылдау шараларын автоматтандыру қолға алынған. smart.nation порталы Enbek.kz порталына қосылып, мұғалімдерді, техникалық персоналды және директорларды жұмысқа қабылдау, балабақшаларға кезекке қою және жолдама алу, балаларды мектепке қабылдау және басқа мектепке ауыстыру қызметтері автоматтандырылды.

Адами факторды азайту мақсатында Түркістан облысының барлық 902 мектебінде smart.nation жүйесі ендірілді. Аталған жүйе арқылы жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және мектеп директорларын конкурстық тағайындау процесіне адами факторды тоқтатады. Бос жұмыс орындарға үмітті 2 243 адам жұмысқа қабылданды.

«smart.nation порталы Enbek.kz порталымен интеграцияланды. Бұл жоба коррупциялық тәуекелді 50% пайыздан 2% төмендетті. 1 жыл бұрын арыздардың 60%-ы жұмысқа орналасуға байланысты болса, қазір – 55%-ға төмендеп 5%-ды құрайды. jumys.sitcen.kzжүйесін ҚР Президенті Әкімшілігі «Ең үздік жоба» деп танып, басқа облыстарда енгізуге ұсынылды»,- деді облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев.

BALABAKSHA.smart.nation порталы арқылы балабақшаға 82 136 бала кезекке тұрып, оларға электронды түрде 71 623 жолдама берілді. Биыл алғаш рет дарынды балалар білім алатын мектеп-интернаттарға қабылдау қызметі де автоматтандырылып, MEKTEP.smart.nation порталы арқылы 54 751 оқушы мектепке портал арқылы қабылданған.

Басқармаға қарасты 5 колледж «Жас маман» жобасына еніп, олар негізгі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 3 колледж сенімгерлік басқаруға, тағы 1 колледж мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында сенімгерілік басқаруға берілді. 20 мектеп-интернаттардың асханалары мемлекеттік-жекешелік аясында сенімгерілік басқаруға берілген. Бұл, қолға алынған оң бастамалар сыбайластық тәуекелдігін төмендетері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *