Түркістан облысында жүзден астам адам жинап, той өткізгендер айыппұл төледі

Түркістан облысында жүзден астам адам жинап, той өткізгендер айыппұл төледі

88 просмотров

Түркістан облысында жүзден астам адам жинап, той өткізгендер айыппұл төледі

Түркістан олысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес 27 қыркүйектен бастап 100 адамнан асырмай отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілген.

Дегенмен бұл шектеулерге қарамастан өңір тұрғындарының көпшілігі 100 адамнан асырып мерекелік іс-шараларды өткізуді жалғастыруда, бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін жоғарылатады. Сарыағаш және Жетісай аудандарында мониторингтік топ кезекті рейд барысында 200-ге жуық қонақ шақырылған мерекелік іс-шараларды анықтады. Ал Келес ауданының тұрғыны жеке үйінің ауласында шектен тыс адамның қатысуымен той өткізген. СЭБД-нің Қаулысы талаптарын орындамағандығы үшін кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес айыппұлдар салынды.

Облыста карантин талаптарының сақталуына бақылау жүргізетін 120 мониторингтік топ жұмыс жасайды. Жыл басынан бері бүгінге дейін 4 711 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, 264 427 000 көлемінде айыпұл салынды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шектен тыс адам жинай отырып, іс-шараларды өткізуге қойылған шектеулер карантин талаптарын бұзушылықтар санын айтарлықтай азайтуға өз септігін тигізгендігін атап өтеді. Атап айтқанда, тамыз айында 527 бұзушылық анықталса, қыркүйекте — 360, қазанда – 184, қарашада 44 дерек анықталды.

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *