Түркістан облысының «Барыс» клубы республикада жеңімпаз атанды

Түркістан облысының «Барыс» клубы республикада жеңімпаз атанды

10 просмотров

Түркістан облысының «Барыс» клубы республикада жеңімпаз атанды Түркістан облысының «Барыс» клубы республикада жеңімпаз атанды Түркістан облысының «Барыс» клубы республикада жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Қарулы күштердің ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Егемен елдің ертеңі – жас сарбаз» атты жас патриоттардың бірінші форумы өтті. Жиында «Айбын-2021» VIІ республикалық әскери-патриоттық сайысының үздіктері марапатталды. Бұл іс-шараға еліміздің барлық өңірінің өкілдері бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік алды.
2021 жылдың 6 қазанында басталған «Айбын-2021» жиынының бағдарламасына «Айбын дарыны», «Айбын жұлдызы», «Мейірімділік біріктіреді», «Smart Sarbaz-2021» зияткерлік және шығармашылық байқаулары, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлері және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жарыстар енгізілген. Биыл жас журналистерге арналған «Жас сарбаз — Жас тілші» атты жаңа байқау қосылды. Командалар тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан өз бақтарын сынады. Аталған жарыстар мен байқауларда Түркістан облысы, Арыс қаласының «Барыс» әскери-патриоттық клубы бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар «Үздік жас сарбаз» номинациясын Түркістан облысының «Төлеби тарландары» әскери-патриоттық клубының өкілі Сәуле Ахметова жеңіп алды.
2021 жылдың жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру қызметінде атқарылған жұмыстар қорытындысына сәйкес ауыспалы «Патриоттар мекені» кубогы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа табысталды. Сондай-ақ іс-шараға Арыс қаласының патриот өрендері де бейнебайланыс арқылы қатысты. Қала әкімі Г.Құрманбекова жас отаншыл сайыпқырандарды арнайы құттықтап, жеңістерін жоғары бағалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *