ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

75 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

  Түркістан облысының оқушылары 2019-2020 оқу жылындағы оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХV республикалық «Зерде» байқауында топ жарды.

  Аталмыш сайыс ағымдағы жылдың 28-29 қантар аралығында Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен болатын. Жарысқа өңірімізден 20 жоба бойынша 24 оқушыдан тұратын команда қатысты. Байқауға қатысқан 24 оқушының барлығы да өздерінің зерттеу жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Ғылыми жоба жарысынан топ жарған оқушыларымыз республикалық «Балдаурен» оқу–сауықтыру орталығының арнайы орындарында, суға жүзу, ойын, спорт және кино залында болып, «Бурабай-Щучье» аймағы мен Бурабайдың ең көрікті орындары «Оқжетпес», «Жұмбақтас», Абылайхан алаңдарына арнайы саяхат жасап, бір серпіліп, жоғары көңіл-күймен қайтты.

  Айта кету керек, 1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының республикалық байқауына «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйытқы болды. Түркістан облысының оқушылар командасын байқауға ұйымдастырып, жетекшілік жасап барған Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының қосымша білім беруді дамыту орталығының директор орынбасары Айсұлу Егенбердиеваға, сол орталықтың әдіскері Бекбол Досболғановқа алғыс айтамыз!  Алдағы уақытта дарынды балаларымызға арналған байқаулар жалғасын тауып, көбейе беруге тілектеспіз!

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

  Жарыс жеңімпазының бірі Жетісай ауданы Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖОМ мемлекеттік мекемесінің 3 «Г»  сынып оқушысы Мерей Ибрагимова. Ол байқауға қатысып жүлделі ІІІ-орынды иеленді.  Оған Назым Махмуткожаева жетекшілік жасады. Жетекшінің шеберлігі мен біліктілігін бағамдаған  адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р. Жолаев «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» мен «Зерде» республикалық конкурсының  облыстық кезеңінде оқушылардың үздік зерттеу жоба жұмысымен танылып жеңіске жетудегі сіңірген жемісті еңбегі үшін «АЛҒЫС ХАТ» табыстады.  Ал, Жетісай ауданы  бөлім басшысы Т.Мирзалиев дипломмен  марапаттады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

 Жеңісіңіз құтты болып, алдағы уақытта жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

                                 Ұлсерік РАЙХАНОВА,

 Жетісай ауданы білім бөлімінің әдіскері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *