Түркістан облысының полицейлері бірнеше ұрлық жасаған қылмыстық топты құрықтады

Түркістан облысының полицейлері бірнеше ұрлық жасаған қылмыстық топты құрықтады

16 просмотров

Түркістан облысының полицейлері бірнеше ұрлық жасаған қылмыстық топты құрықтады


Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арыз түсірген. Оның айтуынша аудан көшелерінің бірінде орналасқан ойынханасына белгісіз тұлға жасырын түрде кіріп, 4-дана ойын құрылғыларын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге жуық.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Осыған байланысты тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-іздестіру тобы құрылып, күдіктіні анықтауға бірден кіріскен. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 4 азаматтан құралған қылмыстық топ анықталды. Тексеру барысында белгілі болған күдіктілердің бірі жергілікті азамат, қалғандары Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден жауап алу кезінде бұдан алдын да осындай бап бойынша құқықбұзушылық жасағандары белгілі болды. Сонымен қатар күдіктілер қолды болған заттарды ломбардқа өткізіп, ақшасын бас пайдаларына жұмсаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің атқарған жұмыстарының арқасында айғақты зат ретінде өткізілген заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Сондай-ақ қылмыстық іс бойынша күдіктілердің іс әрекеттері өз дәлелін тауып, айыптау актісімен бірге Келес аудандық прокуратурасына жолданған.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, темір торлармен жабдықтауға кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *