Түркістан облысының полиция қызметкерлері Сайрамдағы 10 отбасына қамқорлық көрсетті

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Сайрамдағы 10 отбасына қамқорлық көрсетті

29 просмотров

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Сайрамдағы 10 отбасына қамқорлық көрсетті

Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қолға алған «Біз біргеміз» акциясы өз жалғасын табуда. Бүгін аталған акция сансыз бабтар мекені Сайрам ауданында жалғасып, 10 отбасын қуанышқа кенелтті.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері аудан орталығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға барып, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын берді.
— Елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, тұрғындарға көмек көрсету мақсатында «Біз біргеміз» акциясына атсалысып жатырмыз. Себебі, Сovid-2019 вирусымен күрес барысында жарияланған карантин кезінде көптеген кәсіп иелерінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл жағдай аз қамтылған отбасыларға да ауыр соғып отыр. Ал, біз қиын кезеңде қайырымдылық жасап, елге көмек көрсетуді азаматтық борышымыз деп білеміз – дейді көші-қон қызметі басқармасының инспекторы, полиция майоры Камила Бердиева.
Қасиетті рамазан айында жүзеге асып жатқан игі бастамаға тұрғындар да ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Қариялар бар жақсылықты тілеп, бата берді.
— Барша полиция қызметкерлеріне рахметімізді айтамыз. Күні-түні елдің қауіпсіздігін ойлап жүр. Одан бөлек қоғамның әлсіз топтарына қамқорлық танытуда. Ораза кезінде жасаған жақсылықтары еселеп қайтсын – дейді Назира Юсупова.
Полиция қызметкерлері қолға алған «Біз біргеміз» акциясы бойынша қайырымдылық іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *