
Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы полиция лейтенанты Палходжаев Берік жол бойында 2 жас шамасындағы қыздың жалғыз өзі жүргенін көреді. Осы бойынша полицей бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап, нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен тапсырды.
2 жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы полиция департаментіне өз алғысын білдірді.
Тексеру барысында анықталғандай, анасы үйінде үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде, қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Сонымен қатар, қыздың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған балаларды жеке өзін ешқайда шығармауды, қараусыз қалдырмауды ескертеді.