
Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысы, Сайрам ауданында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Сайрам аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «Nur Oran» партиясының мүшесі Акмальжан Исаков аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік себетін таратты. Жанашыр азамат бұл игі іске 1 млн. теңге жұмсаған.
Осылайша, «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Сайрамда жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр.