ТҮРКІСТАН: САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

23 просмотров

ТҮРКІСТАН: САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде тозығы жеткен электр бағаналары мен желіні және трансформаторды ауыстыру соңғы жылдары кент тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты мәселелердің бірі болатын. Бүгінгі таңда айтылған бұл мәселе шешімін тапты десек болады. Себебі, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға» арналған бағдарлама шеңберінде кенттің ішкі көшелерінің тозығы жеткен 8,4 шақырымды құрайтын электр желісі толығымен жаңартылып отыр. Бұдан өзге жүз жиырма дана бағана мен қуаттылығы 400 КВ құрайтын жаңа трансформатор орнатылмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер мекеме «ЮгАвтоСтрой» ЖШС-гі 40% жуық жұмысты іске асырып отыр.

ТҮРКІСТАН: САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Айта кетейік, электр желісі бұл электр энергиясын өндірілетін орындардан тұтынушыларға жеткізуге әрі оларға бөліп таратуға арналған құрылғылардың (трансформаторлық және қосалқы тарату ст-ларының, аспалы және кабельдік желілердің) жиынтығы. Ол қалалық, аудандық, ауылдық, өнеркәсіптік, энергет. Э. ж. болып, сондай-ақ электр энергиясын тарату, қоректендіру желілері болып та ажыратылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *