ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

15 просмотров

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін сағат 16:00 шамасында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жабылған КХ-2 «Уланбель-Созак-Екпенды» тасжолында Шаян – Шолаққорған арасында Таскөмірсай ауылынан шамамен 15 км қашықтықта қар құрсауында қалған Шымкент – Степной бағытындағы автобус ішіндегі жолаушыларға және басқа да автокөліктердегі адамдарға көмек көрсетілді. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 2 дана техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәлімдеуінше, 1 автобус және 5 жеңіл автокөлігіндегі 50 жолаушы оның ішінде 3 бала болған. Қазіргі таңда қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетіліп, Шолаққорған ауылына жеткізілді. Қаза тауып, жарақат алғандар жоқ.Құрметті облыс тұрғындары, қала қонақтары ТЖД әлеуметтік желілерінде жарияланған дауылды ескертулерге және де ұялы телефондарыңызға келген дауылды ескертулерге құлақ түрулеріңізді, жолда қалып қойған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз!

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *