ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 70 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 70 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

24 просмотров

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 70 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Төлеби ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр. Елім деген жанашыр азаматтар аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетуде. Солардың бірі – «Бейбарс и К» ЖШС мен Қуаныш Ешенқұлов жеке қоры Ленгір қаласы мен ауылдық округтерде тұратын 30 отбасыға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 20 мың теңге көлемінде қаржылай көмек үлестірді. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ленгір қаласында «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызілікті мұқтаж 14 отбасыға азық-түлік таратылды.

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 70 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері Ленгір қаласындағы аз қамтылған 7 отбасыға азық-түлік топтамаларын таратты.Дәл осындай ізгі шара Көксәйек ауылдық округінде жалғасын тапты. «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында 15 аз қамтылған отбасыға демеушілер тарапынан азық-түлік берілді. Сонымен қатар окруктегі «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша 7 отбасыға 20 мың теңгеден кәсіпкерлердің қолдауымен қаржылай көмек көрсетілді.Әлеуметтік көмек алған отбасылар демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *