ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ОРАЙ ТАРИФТІК БАҒАЛАР ТӨМЕНДЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ОРАЙ ТАРИФТІК БАҒАЛАР ТӨМЕНДЕТІЛДІ

32 просмотров

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ОРАЙ ТАРИФТІК БАҒАЛАР ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет түрлеріне тариф бағасын төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдай кезеңінде келесі коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетті:

1) «Мақтаарал-Сервис» МКК-і сумен жабдықтау қызметінің тарифін – 1 текше метрге ҚҚС-сыз (НДС) 41,82 теңгеден 39,73 теңгеге дейін немесе 5 %-ға төмендетті;
2) «Темиржолсу Арыс» ЖШС-і су тарифін – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 51,95 теңгеден 49,87 теңгеге дейін немесе 4 %-ға арзандатты;
3) «Уранэнерго» ЖШС-і сумен жабдықтау қызметінің тарифін – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 58,84 теңгеден 52,96 теңгеге дейін немесе 10 %-ға түсірді;
— суды бұру қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 30,29 теңгеден 27,26 теңгеге дейін немесе 10 % -ға төмендетілді;
4) «Түркістан-Су» МКК-і барлық тұтышылар үшін тарифтерін төмендеткен, атап айтқанда: халыққа сумен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 51,09 теңгеден 48,19 теңгеге дейін немесе 5,7 %-ға түсті;
— бюджеттік мекемелерге сумен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 147,55 теңгеден 139,19 теңгеге дейін немесе 5,7 % -ға арзандады;
5) «Энергопоток» ЖШС-і электрмен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 кВт/сағатына 13,86 теңгеден 13,44 теңгеге дейін немесе 3 %-ға түсірді.
Бұдан басқа, осыған дейін Түркістан облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болған берешектер үшін тұтынушыларға төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және қоғамдық маңызы бар салаларындағы қызметтерді тоқтатпау бойынша департамент тарапынан ұсыныс хат жолданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *