Түркістан тарихын туристер оңай біле алады

Түркістан тарихын туристер оңай біле алады

1 просмотров

Түркістан тарихын туристер оңай біле алады

Жаңарған Түркістанның Орта Азиядағы алпауыт туризм орталығы болуға тарих тұрғысынан да, заман тұрғысынан да мүмкіндік көп. Түп-тамырын киелі жердің топырағымен байланыстыратын түркі тілдес, бауырлас елдердің азаматтарының өзі-ақ жаңғырған қалаға қонақ боп келуге ынтасы зор. Сол үшін де біздің қаланың әлемдік аренадағы әлеуетін арттырар туризм саласындағы жақсы жаңалықтарға тоқтала кетсек.

Қаланың орталығында орналасқан «Әзірет Сұлтан» қорық музейі аумағында жерленген қазақ хандығының негізін қалаудағы басты азаматтардың өмірі жацлы толық ақпарат беретін тақтайшалар орнату басталып кетті. Киелі шаһарда 21 қазақ хандары мен сұлтандары жерленген. Олардың ерліктері мен, өмір жолдары жайлы бейнелейтін композиция да орнатылмақ. Туристік тұрғыда жемісті болуы үшін ақпарат қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, орнатылған тақтайшаларда арнайы QR кодтар бейленеленіп, ұялы телефон арқылы да толық мәліметтерді оқуға мүмкіндік қарастырылмақ. Технологиялық дамудың шыңына жеткен әлемде бұндай технологиялар жоғарғы бағаға ие. Тақтайшалардың сыртқы келбеті де қазақ батырларының бас киімі, күмбез және киіз үй іспеттес болмақ.

Аталмыш құрылыс жұмыстары Мамыр айында басталған болатын. Жоспар бойынша нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *