ТҮРКІСТАН – ТУРИЗМ ОРДАСЫ

ТҮРКІСТАН – ТУРИЗМ ОРДАСЫ

43 просмотров

ТҮРКІСТАН – ТУРИЗМ ОРДАСЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пәрменімен құрылған Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласын дамытудың төрт идеологиялық бағыты аясында жұмыстар жүргізілуде. Олар: Түркістанды түркі әлемінің ең ірі зиярат және туризм орталығына айналдыру, Түркістанды әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығына айналдыру, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда орталығы және Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға.

Аталған бағыт аясында жоспарланған межелерге қол жеткізу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келе жатыр. Сонымен бірге, қаланы дамытудағы негізгі бағыттың бірі — туризм саласын дамыту. Бұл мақсатта алдымен жәдігер шаһарды дүйім жұртқа насихат ету басты мәселенің бірі десек болады. Осы орайда, өткен жылы Түркістан дүниежүзілік «Біріккен қалалар және жергілікті билік» ұйымына мүше болғанын, қала әкімі Рашид Аюпов аталған шараға өзі барып қатысып, жағымды жаңалықты сондай-ақ Түркістан атын әйгілеудегі тың жол ашылғанын сүйіншілей хабарлаған еді. Соның арқасында тарихи шаһар 100-ден аса елде таныстырылып, жарнамаларда көрсетілгенін басты оқиғаның біріне балауымызға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *