ТҮРКІСТАН ВОЛОНТЕРЛАРЫ ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ТҮРКІСТАН ВОЛОНТЕРЛАРЫ ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

53 просмотров

ТҮРКІСТАН ВОЛОНТЕРЛАРЫ ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Түркістан облысында еріктілер жылының экологиялық бағыты бойынша жаңа жобалар жүзеге асады. Бұл туралы экоактивистер мен қоғам белсенділерінің және волонтерлердың қатысуымен өткен жиында айтылды.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе ұйымдастырған басқосу еркін форматта өтті. Онда Түркістан облысында еріктілер жылының экологиялық бағыты айқындалды. Жиынның мақсатын түсіндірген Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев өңірдегі өзекті мәселелерді сөз етті.

ТҮРКІСТАН ВОЛОНТЕРЛАРЫ ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

—              ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл «Волонтерлар жылы» деп жариялануына байланысты, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен іс-шаралар жоспарының жол картасы бекітілген болатын. Жол картасын орындау мақсатында Түркістан облысы бойынша экология департаменті, Түркістан облысының экоактивистердің, қоғам белсенділері және волонтерлердың қатысуымен бірнеше жобалар жүзеге асады – деді И.Түймебаев.

Ал, Түркістан Жастар ресурстық орталығы  басшысының  міндетін атқарушы Амалбек Өміртай 2020 жылы өңірдегі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Экологиялық бағыт аясында «Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде «Бірге таза Қазақстан» республикалық акциясы ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, «Жер сағаты», «Өз ағашыңды отырғыз», «Экосумка-Сіздің немерелеріңіз рахмет айтады», «Аула сыпырушыны күтпе — өзің тазала», «Экологиялық патруль», «Бұлақтарды сақтау» республикалық акциялары мен республикалық эковелобег және «Супермаркетке барсаң, ЭКО-сөмкеңді алакет» флешмобын өткізу жоспарланып отыр.

Жиында қоғам белсендісі Қайрат Кәрібаев, Ғани Назарбек табиғатты қорғап, экологияны жақсарту мақсатында ұсыныстарын айтты.

«Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнара Ниязова табиғатты қорғау мақсатында Қаратау қорығымен бірлесе атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ, көпшілікті бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Жиын барысында табиғатты қорғау бағытында жұмысты жандандыру жайы жан жақты талқыланды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Тәрбие және жастар» бөлімінің басшысы Ермек Айнаходжаев және ерікті жастар ұсыныстарын айтып, пікірлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *