«Түркiстан жарық-тазалық» ЖШС қала тазалығын қамтамасыз етеді

«Түркiстан жарық-тазалық» ЖШС қала тазалығын қамтамасыз етеді

26 просмотров

«Түркiстан жарық-тазалық» ЖШС қала тазалығын қамтамасыз етеді

         «Түркiстан жарық-тазалық» ЖШС мекемесiнің негізгі мақсаты 4 бағыттан тұрады. Олар – қаланың тазалығын сақтау, түнгi мезгiлде жарықшамдардың үздiксiз жанып тұруын қадағалау (сынған болса жаңалау), қаланың абаттануы мен аяқ жолдардың тазалығын сақтау (қыста қардан тазарту) және зираттарды таза ұстау мен туысы жоқ адамдарды жерлеу рәсiмiн тиісінше жалғастыру. Мекеме 1998 жылы құрылып содан бері шаһар тазалығын реттеу мен абаттандыру мақсатында тынымсыз еңбек етіп келеді.

Тазалықшылардың жұмысы уақытпен өлшенбейді. Жұмыс уақыты аяқталса да көшеде, жолда қалған қалдықтарды жинау әдетке айналғандай. Өйткені жел тұрса қала кейпінің сынын бұзатыны белгілі. Сондықтан тазалықты сақтау тек жұмысшылардың ғана міндеті емес, барша халықтың ортақ жауапкершілігінде екенін ескергеніміз жөн.

 Қала көркінің осы кейпі сақталуы үшін таң атқаннан кеш батқанша еңбек етіп жүрген жанның жұмыс барысы осындай. Қала халқы өз қаһармандарын тануы қажет. Олардың атқарған шаруасына жауапкершілікпен қарап, біз де өз үлесімізді қосуымыз керек деп санаймыз. Себебі тазалық өзімізден басталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *