ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖИЫН ӨТКІЗГЕНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖИЫН ӨТКІЗГЕНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

44 просмотров

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖИЫН ӨТКІЗГЕНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Әлеуметтік желілерде «Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр» деген бейнежазба таралған.Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша аудандық полицейлер шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар белгілі болды.Бұл дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша тіркеліп, тойхананың иесі мен той жасаушы тұрғынға хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады.Атап өтейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мамандары әлеуметтік желі мен мессенджерлерді 24/7 режимінде мониторинг жүргізуде. Аталған жайт та қызметкерлер тарапынан дер кезінде қолға алынып, облыстық полиция департаменті арқылы шара көрілді. Осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан 7 жағдай бойынша Whats app топтарда таратып жүрген заң бұзушылықтар анықталған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *